Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай билігі Қырғыз еліне коронавирустың жаңа типіне арналған вакцинасын тегін ұсынбақ. Бұл туралы russian.news.cn жазды.
Қытай елшісі Ду Дэвэнь Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевпен кездесу кезінде екі ел арасындағы достықтың нышаны ретінде Қытай елі стратегиялық серіктесіне қайтырымсыз негізде вакцина ұсынатынын айтқан.
Пандемиямен күресте екі ел бір біріне үнемі демеу көрсетуі тиіс. Қырғыз еліне эпидемияға қарсы күресте достық қолымызды созып, вакцинаны тегін беруді ұйғардық. Бұл вакцина Қырғызстанға эпидемияны жеңуге атсалысады деген сенімдеміз , - деді ол.
Өз кезегінде Руслан Қазақбаев та Қырғызстанның Қытай еліне деген ризашылығын білдіріп, аспан асты елінің арадағы достық қарым-қатынас пен әріптестікті нығайтуға ерекше назар аударып келе жатқанын атап өтті.