Қыста үйі өртеніп кеткен отбасы баспаналы болды

7 Желтоқсан 2020, 18:55
2272
Бөлісу:
Қыста үйі өртеніп кеткен отбасы баспаналы болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысы тұрғынының үйі өртеніп, төрт бірдей отбасы қақаған аязда далада қалған. Алайда қайырымды жандардың арқасында қиын жағдайда қалған отбасыға көмек көрсетілді.

Қыста үйі өртеніп кеткен отбасы баспаналы болды

Ақмола облысында Әнепия есімді азаматтың үйі өртеніп, қыстың қысымшылығында төрт бірдей отбасы далада қалған. Үй иесі науқас болған. Қуанышқа орай, бар-жоғы бір аптада атамекендегі Алтайлық жерлестер алқасы бастаған Шортанды ауданының бас имамы, ауыл имамы, атамекендегі алтайлықтар, Шортанды ауданы Новокубанка ауылының халқы үлес қосып, «Ел үлесі пәтерге 337-баспана» қайырымдылық акциясы аясында зардап шеккен отбасына үйдің кілті табыс етілді. 

Қыста үйі өртеніп кеткен отбасы баспаналы болды

Үйдің кілтін табыстауға Көкшетау облысының бас имамы Қуаныш Сәбитов, атамекендегі Алтайлық жерлестер алқасының төрағасы, Шортанды ауданның бас имамы Бақытбол Разданұлы, ауыл имамы, ауыл халқы қатысты.

Қыста үйі өртеніп кеткен отбасы баспаналы болды


Өзгелердің жаңалығы