Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды

24 Қазан 2020, 13:15
1402
Бөлісу:
Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Түркістан облысында болды. 

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Онда Абай мен Әл-Фарабидің мерейтойлық жылы аясында өткен салтанатты іс-шараларға қатысып, өңірдің зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Мемлекеттік хатшының жұмыс сапары ұлы ойшыл әл-Фарабидің атамекені Отырардан басталды. Қырымбек Көшербаев бұл жердегі қайта қалпына келтіру жұмыстарымен және «Әбу Насыр әл-Фараби руханияты» атты музейдің қызметімен танысты. Сондай-ақ «Арыстанбаб» кесенесіне зиярат жасап, «Ұлы бабалар аллеясын» аралап көрді.

Мемлекеттік хатшы Абай мен әл-Фараби ескерткіштерінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының және «екінші ұстаз» Әбу Насыр әл-Фарабидің ескерткіштерінің ашылуы олардың ұрпақтарының киелі Түркістан топырағына деген құрметі болып табылады.

Қырымбек Көшербаев өзінің құттықтау сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жан-жақты қолдауымен Түркістан әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысынан тың серпін алып, түркі әлемінің маңызды рухани орталығы ретінде қарқынды жаңғырып келе жатқанын атап өтті, - делінген хабарламада.

Сонымен бірге Мемлекеттік хатшы шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, Оқушылар сарайы мен Шәмші Қалдаяқов ескерткішінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, сондай-ақ «Әзірет-Сұлтан» музей-қорығындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зиярат жасады және «Ақжайық» музыкалық мектебінде болды.


Өзгелердің жаңалығы