Қырғызстан президенті Садыр Жапаров вакцина салдырды

23 Шілде 2021, 17:41
1998
Бөлісу:
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров вакцина салдырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Бішкектегі сауда орталықтарының біріндегі пунктке барып, қытайлық Sinopharm екпесін салдырды. Бұл туралы super.kg хабарлады.

Бұған дейін Қырғызстан басшысы азаматтарды белсенді түрде екпе салдыруға шақырған. Бірақ өзі вакциналаудан бас тартқан еді. Мұны коронавируспен ауырғаннан кейін антиденелердің жеткілікті мөлшері бар екенімен түсіндірді.

Қырғызстанда коронавирусқа қарсы вакциналау 2021 жылдың 29 наурызында басталған.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 3 шілдеде 6 миллион халқы бар республикада 120 мыңнан астам адам екпе салдырған. 2020 жылдың наурызынан бері мұнда 2227 адам қайтыс болды.

Өзгелердің жаңалығы