КВИ мен пневмониядан қайтыс болғандар саны бір тәулікте 150-ге жуықтады

4 Тамыз 2021, 09:04
4267
Бөлісу:
КВИ мен пневмониядан қайтыс болғандар саны бір тәулікте 150-ге жуықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 4 тамыздағы ақпарат тарады.

ДСМ хабарлауынша, 4 тамыздағы мәлімет бойынша 107 016 адам коронавирус инфекциясынан (103 986 КВИ+ және 3 030 КВИ-) емделуде, олардың ішінде:

- 29 325 пациент стационарда, 

- 77 691 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 1 786 адамның жағдайы ауыр,

- 412 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 209 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

КВИ мен пневмониядан қайтыс болғандар саны бір тәулікте 150-ге жуықтады

Сонымен қатар 2021 жылғы 4 тамыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат та жарияланды.

2 тамызда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 471 жағдайы және 25 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 110 адам емделіп шықты.

2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауырғандар - 61772, 3781 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 54961 жетті.

Өзгелердің жаңалығы