Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ баспасөз қызметі ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 1 мамырдағы ақпаратты таратты.
1 мамырдағы мәлімет бойынша, 42 510 адам коронавирус инфекциясынан (42 019 КВИ+ және 491 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 843 пациент стационарда, 27 677 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, - делінген хабарламада.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 769 адамның жағдайы ауыр;
• 184 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 125 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сонымен қатар министрлік COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі деректі ұсынды.
2021 жылғы 29 сәуірдегі мәлімет бойынша 98 жаңа жағдай тіркелді, 7 жағдай өліммен аяқталған. 95 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 52 942, өлім жағдайлары - 801, барлығы 51 650 адам сауығып шықты.