Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 23 наурыздағы ақпаратты жариялады.
23 наурыздағы мәлімет бойынша 6 243 адам коронавирус инфекциясынан (5 212 КВИ+ және 1 031 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 588 пациент стационарда, 5 655 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 50 адамның жағдайы ауыр, 20 пациенттің жағдайы өте ауыр, 11 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.