Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК еліміздегі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 23 қаңтардағы ақпаратты жариялады.
23 қаңтардағы мәлімет бойынша 146 273 адам коронавирус инфекциясынан 144 799 КВИ+ және 1 474 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 747 пациент стационарда, 136 526 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
361 адамның жағдайы ауыр, 121 пациенттің жағдайы өте ауыр, 70 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.