КВИ-ге шалдыққан адамның иммунитеті 2 айға дейін өте әлсіз болады

26 Қаңтар 2021, 09:49
1060
Бөлісу:
КВИ-ге шалдыққан адамның иммунитеті 2 айға дейін өте әлсіз болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавируспен ауырып шыққандардың иммунитеті бір жарым-екі ай бойы әлсіз болады. 

Бұл туралы Санкт-Петербургтегі Пастер атындағы эпидемиология және микробиология ҰЗО директоры, Ресей ғалымдары академиясының академигі Арег Тотолян Известия басылымына берген сұхбатында айтты. 

Иммунитет COVID-19-бен ауырып болғаннан кейін 1,5-2 ай бойы төмендеп кетеді. Клиникалық тұрғыда бұл астенизация синдромы ретінде білінеді, - деп атап өтті Тотолян.

Маманның айтуынша, вирусты жұқтырған науқастар жазылғаннан кейін тез шаршайтынын және әрдайым ұйқы басып жүретінін айтып шағымданады. Сонымен қатар вирус адамның когнитивтік функциясына және адам бойына келіп түскен жүктемені еңсеру қабілетіне де әсер етеді.

Тотолян айтып өткендей, тиісті зерттеу жұмысы жүргізіліп, нәтижесінде вирус жұқтыру салдарының осындай иммундық маркерлері анықталған. Ол зерттеу жұмысының толық нұсқасы ғылыми басылымда жарияланатынын айтты.

Арег Тотоляннің сөзінше, табиғи жолмен қалыптасатын иммунитет КВИ-ге қарсы екпе салдырғаннан кейінгі иммунитетке қарағанда әлдеқайда мықты болады. 

Дегенмен академик бұл ереже көп жағдайда коронавирусқа қатысты бола бермейтінін де айтты. Себебі вирустан жазылып шыққандарда бейтараптандырушы антидене қалыптасатын көрінеді. 

Ол ресейлік Спутник V және Эпиваккорона вакциналарын салдырғаннан кейінгі ағзада пайда болатын антиденелер, вирустың жеңіл түрімен ауырып шыққанда қалыптасатын антиденелерге қарағанда жақсы қорғайтынын атап өтті.


Өзгелердің жаңалығы