Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 2021 жылғы 20 ақпандағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жариялады.
18 ақпанда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 45 жағдайы тіркелді және 3 өлім жағдайы тіркелді.
Оған қоса 235 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 48932, 608 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 40336-ға жетті.