КВИ белгілері бар пневмонияның 266 жағдайы анықталды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның&nbsp;266&nbsp;жағдайы және&nbsp;1&nbsp;өлім жағдайы тіркелді.&nbsp;</h4>

 8 Қазан 2020 2020, 10:05
8 Қазан 2020 2020, 10:05
1298

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 266 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады.

Оған қоса 9 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 34 143, 362 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 27 572 жетті.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 094 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 70 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 898 науқас жатыр. 1 196 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 87 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 15 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.


Наверх