Күзгі жиын-терім. Астық жинау науқаны қалай өтті

21 Қараша 2024, 17:35
302
Бөлісу:
Күзгі жиын-терім. Астық жинау науқаны қалай өтті
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ -архив

Ертіс өңірінде 1 млн тоннадан астам дәнді дақыл жиналды. Орташа өнімділік гектарынан 12 центнер, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дархан Досжановтың айтуынша, биыл картоптың өнімділігі де жақсы. Нақтырақ айтқанда, бір гектардан 310 тонна төңірегінде. Осы жылы өңір фермерлері «екінші нанның» 768 мың тоннасы жиналды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға көп.

Элеваторлар астық қабылдауға дайын. Сонымен қатар бидай сақтауға арналған қоймалар бар. Қазіргі уақытта олардың жүктемесі 36%. Көкөністердің өнімділігі гектарынан 313 тонна. Яғни, түсім 211 мың тонна көлемінде. Қазіргі уақытта майлы дақылдарды жинау науқаны қызу. Осы уақытқа дейін 314 мың тонна алынды. Жалпы, күзгі жиын-терім барысында шаруалар арзандатылған дизель отынымен қамтылды. Биыл 30 мың тонна жанар-жағармай бөлінді. Жалпы, биыл астық жинау жұмыстары уақытында аяқталды, - дейді Дархан Досжанов.

Айта кетейік, облыста өсімдік шаруашылығын дамыту мақсатында 7,5 млрд теңге субсидия бөлінді. Қаражат толық игерілді. Бүгінгі таңда келер жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге бөлінетін қаражат көлемі бойынша жоспарлы шаралар басталды.

Қуантарлығы, қазірдің өзінде облыстың 22 шаруашылығы қыс-көктем кезеңінде көкөністердің белгіленген бағасын қамтамасыз ету, картоп пен сәбіздің қажетті көлемін сақтау жөнінде меморандумға қол қойды. Сапалы өнім әлеуметтік дүкендерде халыққа қолжетімді бағамен сатылатын болады. Тұрақтандыру қорының қоймаларында 10000 тонна картоп және 3000 тонна сәбіз сақталады.

Өзгелердің жаңалығы