Павлодар облысында биыл 600-ден астам жігіт күзгі мерзімді әскери қызметке шақырру жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
Облыстық қорғаныс істері департаментінің бастығы Бекзат Оразовтың айтуынша, әскери қызметке шақыру желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.
Қазіргі уақытта болашақ сарбаздар медициналық тексерістен өтіп, әскери құрылымдарға аттанатын жастар легі қалыптасты. Олар шекара қызметіне кетеді. Осыдан соң жігіттер психологиялық және полиграфиялық тексеріске қатысады. Ендігі кезекте қарулы күштер мен мемлекеттік күзет қызметі тұр. Кейін ұлттық ұлан мен төтенше жағдайлар қызметіне қабылдау жүргізіледі, - дейді Бекзат Оразов.
Павлодарлық жастар көбінесе Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарына аттанады. Мамандардың айтуынша, әскери қызметтен азаматтарға қатысты әкімшілік шара қолданылады.
Отан алдындағы борышын өтеуден қашқан жастар 1000 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. Бұл - 3 млн 692 мың теңге.
Сонымен қатар, түзету жұмыстары, бостандығына шектеу қою, тіпті, бас бостандығынан айыру да қарастырылады. Әскерге шақырылған жігіт денсаулығына қасақана зиян келтіріп, ауру тудырса, заң алдында жауап беруге тура келеді. Оған 3000 АЕК-ке дейін айыппұл бар.
Шақырылушыларды зерделеу кезінде қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылған, сонымен қатар, ішкі істер органдарында, психиатриялық, туберкулездік, тері-тамыр, наркологиялық диспансерлерді және басқа да емдеу-алдын алу мекемелерінде есепте тұрған тұлғалар анықталады, - дейді Бекзат Оразов.
Бүгінгі таңда Ертіс өңірінде әскери қызметке шақырылушылардың есебінде 22707 адам тұр. Олардың ішіндегі 1223 адам шақырылуға жатады.