Күзгі каникулда оқушылар неше күн демалады

Бүгiн, 09:10
395
Бөлісу:
Күзгі каникулда оқушылар неше күн демалады
Фото: BAQ.KZ

Мектеп оқушылары күзгі каникулда 10 күн демалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бірінші тоқсанда оқу уақыты – 8 апта.  Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында күзгі каникул 28 қазаннан бастап 3 қарашаны қоса алғанда 7 күнге созылатынын бекіткен болатын.

Алайда биыл 25 қазан – Республика күні жұма күнге, ал 26 және 27 қазан сенбі-жексенбі күндеріне сәйкес келіп тұр. 

Бұл күндерді ескерсек, мектеп оқушылары күзгі каникулда жалпы 10 күн демалады.

Өзгелердің жаңалығы