Күзден бері танысына тыныштық бермей, қудалаған ер адам ұсталды

Үнемі қоңырау шалып, хабарламалар жіберген. Кездесуге тырысып, қорқытқан.

 видеодан скриншот 16 Ақпан 2026, 20:37
16 Ақпан 2026, 20:37
1260
Фото: видеодан скриншот

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында сталкинг фактісі ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Еңбекшіқазақ ауданының полициясына 31 жастағы азаматша арызбен жүгінген. Оның айтуынша, 2025 жылдың күзінен бастап бір ер адам оның еркіне қарсы жүйелі түрде қудалап, бірнеше рет қоңырау шалып, хабарламалар жіберген, кездесуге тырысқан әрі қорқыту сипатындағы сөздер айтқан.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 115-1-бабы - «Сталкинг» бойынша материалдар тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы облысы Полиция департаментінің қызметкерлері 35 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол өз кінәсін толық мойындады.
Тергеу бөлімшесінің үйлесімді әрі кәсіби жұмысының нәтижесінде қылмыстық іс қысқа мерзімде - 2 сағат 35 минут ішінде аяқталып, сотқа жолданды, - деп хабарлады Алматы облысының ПД баспасөз қызметі.

Сот талқылауының қорытындысы бойынша күдікті кінәлі деп танылып, 60 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасына кесілді.

Еске салайық, бұған дейін әйелдердің мазасын алып, басқан ізін аңдыған екі шымкенттік қамауға алынған болатын. 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 🇰🇿 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ (@police_almobl)

Наверх