Күзде бет терісіне қандай күтім жасау қажет

5 Қыркүйек 2023, 21:04
1245
Бөлісу:
Күзде бет терісіне қандай күтім жасау қажет
Фото: Арман Мухатов - архив

Күзде бет терісіне ерекше күтім қажет. Оны суыққа дайындап, құрғап кетуден сақтау үшін үйде жасалатын күтімді белсендірек түріне ауыстырған дұрыс, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы дерматолог-дәрігер косметолог Екатерина Шадрина айтып берді, деп жазады Life.

Дәрігердің сөзінше, мезгіл ауысу барысында бет терісі тым сезімтал бола бастайды. Оған ауа температурасының және ылғалдылығының өзгеруі де әсер етеді. Салдарынан безеу, розацеа және эпидермистің басқа да аурулары қоза бастайды. Бұдан бөлек бет терісі қабынып, қатты қабыршақтануы ықтимал. Сол себепті косметикалық заттар алған кезде бетті ылғалдандыратын, әрі бет терісін қоректендіретін әсері бар заттарға таңдау жасаған жөн.

Бет терісінің баяғыдай жылтырамауы, оның түсінің өзгеруі құрғап кету салдарынан болады. Өйткені беттің беткейінде қабыршақтар пайда болып, оның түсі өзгеруіне ықпал етеді, - деп түсіндірді Шадрина.

Дерматологтің айтуынша, күннің суық мезгілінде ең алдымен еріннің терісі көп зардап шегеді екен. Маман ерін күтіміне көбірек көңіл бөлуге кеңес берді. Шадрина айтып өткендей, күн салқын болғанымен ультракүлгін сәулелер жаз мезгіліндегідей белсенді болады. Сол үшін SPF-қорғанысы бар косметикалық заттарды күнделікті қолдану керек дейді.

Өзгелердің жаңалығы