Күйзелгенде іштен тынуға болмайды – онколог дәрігер

21 Маусым 2024, 18:31
1151
Бөлісу:
Күйзелгенде іштен тынуға болмайды – онколог дәрігер
Фото: автордан

Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас онкологы Диляра Қайдарова ковидтан кейін онконауқастар саны күрт артқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2023 жылы 41 мыңнан астам жаңа жағдай анықталды. Сонымен қатар мұндай жағдай тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде болып отыр. Коронавирус пандемиясынан кейін онкологиялық аурулардың күрт өсуі басталды,– деді Қайдарова.

Оның сөзінше, бұл мәселе жақында өткен Дүниежүзілік онкологтар конгресінде талқыланды. Осы орайда Астанадағы Онкология орталығының бас дәрігері Мұхтар Төлеутаевтан онконауқастардың көбеюі мен ковид қалай байланысты екенін сұрадық.

Онкологиялық аурулардың көбеюі ковидпен тікелей емес, жанама түрде байланысады деген пікірлер бар. Өйткені ковид деген адамның үрейін алған аурудың біреуі ғой. Қатерлі ісік үрейленіп, болымсыз нәрсеге уайымдайтын адамдарда, одан кейін стресс болғанда өзін-өзі ұстап, ішінен күйінетін адамдарда жиі кездеседі. Кез келген жүрек ауруы болсын, қант қысымының жоғарылауы, қатерлі ісік барлығы адамның іштен тынуынан. Сондықтан іштен тынуға болмайды, - деді Мұхтар Төлеутаев.

Өзгелердің жаңалығы