Павлодарлық дәрігерлер өрттен зардап шеккен ер адамға жасанды теріні транспланттау бойынша бірегей операция жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Пәтердегі өрттен арқасы мен аяғы күйген Павлодар тұрғыны ауруханада есін жиды.
Пәтерде сымдар жанған кезде мен ұйықтап жаттым, түтіннің исінен есімнен танып, тұра алмадым. Өрт сөндірушілер уақытында келгендіктен мені өрттен аман алып алды. Екінші рет менің өмірімді күйген теріге трансплантаттау жасаған дәрігерлер аман сақтап қалды,-дейді 50 жастағы пациент.
Ер адам екі ай бойы хирургиясыз емделді, ал таяу арада Астана Биотехнология ҒЗИ-дан жеткізілген жасанды теріні транспланттау бойынша операция жасалды.
Біз жақсы нәтижеге үміттенеміз, өйткені пациентте теріні алуға болатын донорлық учаскелер жетіспеді, өйткені аяғының жоғарғы үштен бір бөлігі ампутацияланған. 10 жылдан астам уақыт бұрын ол аязда аяғын үсітіп алған, - дейді дәрігерлер.