Шымкентте 21 жастағы студент қыз Нұрайды өлтірді деген күдіктіге қатысты тың дерек шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Нұрайды қатігездікпен өлтірген Шерхан Аймахан белгілі блогер Камила Әділханның күйеуі Мағжан Аймаханның інісі деген қауесет тараған болатын.
Блогерлер ақпаратты растап, пікір білдірді.
Барлықтарыңыз: "Шерхан Аймаханның сіздерге қандай қатысы бар?" деген сұрақты қойып жатырсыздар. Иә, Шерхам – әкемнің інісінің баласы. Біздің туысымыз. Ешкім баласын қатыгез, зұлым болсын деп тәрбиелемейді. Сондықтан бұл жағдай бізге ауып иміп жатыр. Ешкім қызын аяқасты біреудің қолынан өліп кеткенін қаламайды. Екі жақтың ата-анасына да ауыр жағдай. Қазіргі жағдайды адам баласына тілемейміз, - деді блогер Мағжан Аймахан.
Сондай-ақ ол жаза бойынша бәрінің әділ өткенін қалайтынын жеткізді.
Өкінішке қарай, қанша жылға сотталып кетсе де, қанша көңіл айтсақ та, Нұрайдың орны толмайды. Ата-анасына қайғыра көңіл айтамыз. Істің бұрмаланып кетуіне жол бермейміз. Қазақстанның заңы бойынша әділ жазалануын қалаймыз, - деді блогер.
Еске салайық, 11 қаңтар күні Шымкентте көпқабатты тұрғын үйдің маңынан 21 жастағы қыздың мәйіті табылған. Куәгерлер марқұмның денесінде пышақ жарақаттары болғанын айтқан. Полиция күдіктінің марқұммен бұрын таныс болғанын мәлімдеді.
Кейін полицияның жедел-іздестіру шаралары барысында Шымкент қаласының 21 жастағы тұрғынын өлтірді деген күдікпен ер адамды ұстады.
Пышақ жарақатынан қаза тапқан қыздың туған ағасы әлеуметтік желіде мәлімдеме жариялап, болған оқиғаға қатысты отбасының ұстанымын жеткізді.