Күйеуіңе де сенуге болмайды – жолдасы сатқындық жасап, АИТВ жұқтырған кейіпкер

Бүгiн, 18:29
163
Бөлісу:
Күйеуіңе де сенуге болмайды – жолдасы сатқындық жасап, АИТВ жұқтырған кейіпкер
VIDEO
Фото: gov.kz

Күйеуінен адамның иммунтапшылық вирусын (АИТВ) жұқтырған кейіпкер BAQ.KZ тілшісіне сұхбат берді.

Айдана (ред. – өзгертілген) махаббатпен тұрмысқа шығып, бала сүйгенін айтады. Қызын емізіп жүрген кезде тағы құрсақ көтеріп қалған. Алайда шарана шетінеп, дәрігерлер ағзасын тазалауға жіберген. Сол отаға байланысты қан талдауын тапсырған кезде оның АИТВ жұқтырғаны анықталған. Кейіннен жолдасы да, қызы да тексерістен өткен. Оның нәтижесі АИТВ-ны оған күйеуі жұқтырғанын көрсеткен. Кейіннен күйеуі Айдананың көзіне шөп салғанын мойындаған.

Кейін мойындады. Бірақ ол әйел адам тексерілді ме, тексерілмеді ме, білмеймін. Жолдасым айт десем, "қазір онымен байланыс жоқ" дейді. Ана әйел жыныстық қатынасқа диагнозын біліп барды ма, білмей барды ма, ол да белгісіз. Қазір жыныстық қатынас қалай болып кеткенін білесіз ғой, - деді кейіпкер.

Ол осы жағдайдан соң адамдарға сену қиын екенін айтады.

Өзіңнің жолдасыңа да сенуге болмайды ғой, былай қарасаң. Қазір адамдарға сену қиын болып қалды, - деді Айдана.

Cұхбаттың толық нұсқасын мына жерден тыңдай аласыздар.

Өзгелердің жаңалығы