Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Күйеуін электр тогымен өлтірген химия профессоры өмір бойына сотталды

14 Тамыз 2025, 14:02
1272
Бөлісу:
 - архив/ Арман Мухатов
PHOTO
Фото: - архив/ Арман Мухатов

Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында 63 жастағы бұрынғы химия пәнінің оқытушысы Мамта Патхак күйеуін өлтірді деген айыппен өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, 2021 жылдың сәуірінде Мамта күйеуіне ұйықтататын дәрі беріп, кейін электр тогымен өлтірген. Марқұм Нирадж Патхак – зейнеткер дәрігер болған. Полиция оқиға орнынан 11 метрлік электр сымын, бейнебақылау жазбаларын және жартылай бос қаптама ұйықтататын дәрі тапқан.

Күйеуін электр тогымен өлтірген химия профессоры өмір бойына сотталды
Фото: ВВС

Сотта Мамта өзінің химия саласындағы білімін пайдаланып, өлім себебін дәлелдеуге тырысты. Ол электр күйігін анықтау үшін арнайы химиялық талдау қажет екенін айтып, сараптама қорытындыларына күмән келтірді. Сондай-ақ күйеуінің жүрек ауруы болғанын, өлімнің табиғи себептен болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Күйеуін электр тогымен өлтірген химия профессоры өмір бойына сотталды
Фото: ВВС

Алайда сот оның уәждерін негізсіз деп тауып, жанама айғақтардың жеткілікті екенін айтты. Судьялар айыпталушының күйеуімен қарым-қатынасы нашар болғанын, марқұмның өзі де әйелінен қысым көргенін айтқанын атап өтті.

Күйеуін электр тогымен өлтірген химия профессоры өмір бойына сотталды
Фото: ВВС

Жоғарғы сот Мамтаның апелляциясын қабылдамай, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын күшінде қалдырды.

Өзгелердің жаңалығы