Құтқарушылар Алматы мектептерінде қысқы қауіпсіздік бойынша дәріс өткізуде

12 Қаңтар 2021, 14:40
1535
Бөлісу:
Құтқарушылар Алматы мектептерінде қысқы қауіпсіздік бойынша дәріс өткізуде

Алматы, BAQ.KZ. Алматы ТЖД-сі мектептерде қыс маусымында болатын түрлі оқыс оқиғаға қатысты қауіпсіздік дәрістерін жүргізіп жатыр.  

ТЖД мәліметінше, қаңтар айынан бастап өтіп жатқан құтқарушылардың дәрісіне Алматыдағы 224 қалалық мектептің  9 мыңнан астам оқушысы қатысқан.

Алматы аумағы арқылы 28 шағын өзен ағып өтеді, сонымен қатар қала ішінде 26 су қоймасы орналасқан, сондай-ақ салқын ауа-райының басталуымен кейбір азаматтар жұқа мұз өте қауіпті болуы мүмкін екенін ұмытып кетеді. Қауіпсіздік шараларын білмейтін балалар, ата-аналары мен үлкендердің қарауынсыз қалған кезде  өзен жағалауларында, кейде су қоймасындағы мұзға шығып ойнайды. Осыған байланысты, ТЖД қызметкерлері әртүрлі төтенше жағдайлар кезінде оқушылардың бойында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту мақсатында интерактивті сабақтарын  өткізіп жатыр,-делінген хабарламада.

Ақпаратты тез қабылдап игеру үшін оқушыларға слайд және бейнеролик көрсетіліп, судағы қауіпсіз жүріп-тұру ережелері туралы жадынамалар мен буклеттер таратылуда.

Өзгелердің жаңалығы