Құс тұмауының штаммы алғаш рет адамнан анықталды

21 Ақпан 2021, 07:23
1448
Бөлісу:
Құс тұмауының штаммы алғаш рет адамнан анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құс тұмауы А вирусының H5N8 штаммын адамның жұқтыруы алғаш рет зертханалық жағдайда расталды. Мұны ресейлік "Вектор" орталығының ғалымдары анықтады, деп жазады РИА Новости.

Роспотребнадзордың басшысы Анна Попова 2020 жылдың желтоқсан айында Ресейдің оңтүстігіндегі құс фабрикасында вирус індеті тіркелгенін еске түсірді.

Ғалымдар фабриканың жеті қызметкерінен осы аурудың генетикалық материалын бөліп алды. Бүгінде жеті адам да өздерін жақсы сезінеді. Олардың клиникалық ағымы өте жеңіл өтті, – деді Попова Россия 24 телеарнасында сөйлеген сөзінде.
Оның айтуынша, адамдар мен жануарларды қорғаудың барлық шараларын өте қысқа мерзімде жүзеге асырды. Соның нәтижесінде бұл инфекцияның таралуын тоқтату мүмкін болды.



Өзгелердің жаңалығы