Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар алаңында онлайн режимінде өткен брифингте ВБжҚК төрағасының орынбасары Тұрсын Қабдолданов еліміздегі эпизоотиялық жағдай туралы айтты.
Әлемде құс тұмауы бойынша эпизоотиялық жағдай қауырт күйінде қалып отыр. 2020 жылдың қыркүйегінде жоғары патогенді құс тұмауы әлемнің 26 елінде 459 ошағы анықталды. Россельхознадзор мен ХЭБ-тен құстардың өлімі туралы ақпарат алынғаннан кейін, 2020 жылғы 4 тамыздан бастап тірі құс пен құс шаруашылығы өнімдерін Челябі облысынан, 2020 жылғы 26 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және транзитіне уақытша шектеулер енгізілді, – деді ол.
Бүгінгі таңда Ресей Федерациясында 1,57 миллион құс, оның ішінде 1 ПФ және жеке аулаларда өлді. 2018 жылдан бастап Қорған және Самар облыстарына шектеулер енгізілді.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанынан жедел штаб құрылды. Күн сайын облыстың аумақтық инспекцияларының, жергілікті атқарушы органдардың облыстық ветеринария басқармаларының қатысуымен онлайн режимінде жедел штаб отырыстары өткізіледі, – деді Тұрсын Қабдолданов.