Курсанттар дрондарды басқару бағдарламасын игерді

Бүгiн, 18:04
143
Бөлісу:
Курсанттар дрондарды басқару бағдарламасын игерді
PHOTO
Фото: Қорғаныс министрлігі

Тараздағы Жауынгерлік дайындық және ҰҰА жауынгерлік қолдану оқу орталығының базасында Әуе қорғанысы күштері әскери институты курсанттарының әскери тағылымдамасы аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тәжірибе барысында болашақ офицерлер «Skilark-1LEX» ұшқышсыз әуе кемесін өздері дербес ұшыру мен басқаруды жүзеге асырды.

Курсанттар дрондарды басқару бағдарламасын игерді

Әуе қорғанысы күштері әскери институты курсанттарының әскери тағылымдамасы екі айға созылды. Тәжірибелі нұсқаушылар мен тәлімгерлердің жетекшілігімен курсанттар теориялық бөлімді тағы бір рет қайталаған соң оқу орталығы нұсқаушыларының бақылауымен ұшқышсыз ұшатын аппараттарды ұшыруды бастады.

Курсанттар бізге сауатты әрі алдарына мақсат қоя келді.  «Skilark-1LEX» ұшқышсыз әуе кемесін басқарудың қыр-сырын зерттей отырып, олар бірде-бір бөлшекті жіберіп алмады және әрбір бос минутты болашақ мамандыққа тереңірек үңілуге арнады. Мені жас әріптестеріміздің осындай көзқарасы қуантты,- дейді  – деп сипаттайды оқу орталығы авиациялық эскадрильясының буын командирі майор Ержан Байбосынов.

Бір жарым ай бойы курсанттар «Skilark-1LEX» ұшқышсыз ұшағының техникалық сипаттамалары, аэродинамика заңдары, әуе кемесін пайдалану ережелері және басқа да тақырыптар бойынша білімдерін жетілдірді. Әскери тағылымдаманың соңғы кезеңінде ғана теория бойынша сынақтарды тапсырғаннан кейін курсанттар нұсқаушылардың басшылығымен ұшқышсыз ұшатын әуе кемелерін дербес басқаруға кірісті.

Курсанттар дрондарды басқару бағдарламасын игерді

Бүгін біз өз бетімізше алғашқы ұшыруымызды жасадық. Көңілде толқу болды. Бірақ нұсқаушылардың арқасында жеткілікті білім мен тәжірибе алдық әрі тапсырманы да еш ескертусіз орындадық, , – деп өз әсерін бөлісті әскери институттың 3 курс курсанты Даниэль Дәулет.

Ұшқышсыз әуе кемесін басқарудың алғашқы сағаттары әрбір курсанттың жеке активіне ұшу кітапшасына енгізілгенін атап өткен жөн. Олар оны офицерлер ретінде одан әрі әскери қызмет барысында толтырады. Бірақ бұл алғашқы жазба олар үшін әрдйым ұшқышсыз авиациядағы алғашқы тәуелсіз қадамдарын еске салады.

Курсанттар дрондарды басқару бағдарламасын игерді
Өзгелердің жаңалығы