Күрестен Қазақстан чемпионатында әскери балуандар жеті медаль жеңіп алды

3 Ақпан 2024, 20:46
673
Бөлісу:
Күрестен Қазақстан чемпионатында әскери балуандар жеті медаль жеңіп алды
Фото: gov.kz

Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында ересектер арасында грек-рим және еркін күрестен республикалық чемпионат өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сайысқа еліміздің 20 өңірінен 600-ден астам спортшы қатысып жатыр. Жарыс қорытындысы бойынша Орталық спорт клубының спортшылары 3 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

Қарулы күштердің қызметшілері Әлімхан Сыздықов 130 келіге дейінгі, Мейіржан Шермаханбет 67 келіге дейінгі және ефрейтор Айдос Сұлтанғали 60 келіге дейін салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Күміс жүлде Қарулы күштердің қызметшісі Мақсат Сайлауға бұйырды.

Мерзімді қызмет сарбазы Есбол Камалиев 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде, Қарулы күштердің қызметшілері Ислам Умаев 97 келіге дейінгі және Диас Кален 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медальға ие болды.

Демалыс күндері еркін күрестен ерлер мен әйелдер арасындағы чемпиондар мен жүлдегерлер анықталады.

Өзгелердің жаңалығы