Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан астанасында олимпиадалық күрес түрлерінен әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Жарыстың үшінші күнінде Украинаның Жоғары Радасының су жаңа депутаты Жан Беленюк (87 келі) әлем чемпионы атанды.
Украиналық балуан Нұр-Сұлтан бозкілемінде белорус Николай Стадуба (3:1), хорват Иван Хуклек (7:1) және мексикалық Альфонсо Лейв Йепестерді (5:1) жеңді. Ал финалда венгриялық Виктор Льоринцтың осал тұтты. Сөйтіп, екі дүркін әлем чемпионы атанды. Бұған дейін ол 2015 жылы топ жарған.
Сондай-ақ, Беленюк – үш дүркін Еуропа чемпионы, 2019 жылғы Еуропа ойындарының жеңімпазы, Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс жүлдегері.
«Спортшы-депутат болу – Жоғары рададағы таңертең және кешкі уақытта өтетін пленарлық отырыстың арасында 2 сағат жаттығуға үлгеру», - дейді Беленюк.
Айта кетейік, Жан Беленюк биыл жазда Украина президенті Владимир Зеленский жетекшілік ететін «Слуга народа» партиясы атынан Жоғары Радаға депутат болып сайланған.