Астанада 1-5 ақпан күндері аралығында ересектер арасындағы грек-рим, әйелдер және еркін күрестен ел біріншілігі ұйымдастырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
1 ақпан – грек-рим күресі – 55, 63, 72, 82 және 97 келі.
2 ақпан – грек-рим күресі – 60, 67, 77, 87 және 130 келі.
3 ақпан – әйелдер күресі – 50, 53, 55, 57, 59, 62, 65, 68, 72 және 76 келі.
4 ақпан – еркін күрес – 57, 65, 74, 86 және 92 келі.
5 ақпан – еркін күрес – 61, 70, 79, 97 және 125 келі.
Іріктеу кезеңі: 10:30.
Финалдық бәсекелер: 18:00.
Чемпионатта оза шапқан балуандар Париж Олимпиадасына жолдама беретін Қырғызстан және Түркиядағы лицензиялық турнирлерде бақ сынайды
Ел біріншілігі Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек спорт сарайында (Қабанбай батыр даңғылы, 43) өтеді.