Понтеведреде (Испания) өтіп жатқан күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір қола медальмен толықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, грек-рим күресінен 60 келі салмақта сынға түскен Оңдасын Хамитов Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Медаль үшін өткен белдесуде Оңдасын жапониядық Кохау Каназаваны 9:0 есебімен таза ұтты.
Чемпионат аясында қазақстандық балуан Қырғызстан, Мексика және Венгрия балуандарын жеңіп, жартылай финалда түркиялық қарсыласынан 8:9 есебімен ғана жол берген болатын.
Айта кетелік, кешегі жарыс күнінде Айбек Айтбеков (55 келі) пен Темірлан Тұрдақын (87 келі) қола медаль еншілеген болатын.