Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Курчатовта жаңа электр станциясы салынады

Бүгiн, 08:54
280
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Курчатов қаласында қуаттылығы 700 мегаватт болатын конденсациялық электр станциясы бой көтереді. Бұл туралы Энергетика министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоба Мемлекет басшысының көмір генерациясын дамыту жөніндегі тапсырмасы және электр энергетикасын 2035 жылға дейін дамыту жоспары аясында жүзеге асырылмақ.

Тендер нәтижесінде «ГРЭС Курчатов» ЖШС жеңімпаз деп танылып, 2026 жылғы 13 қаңтарда Энергетика министрлігімен тиісті келісімшартқа қол қойылды.

Электр станциясы «таза көмір» технологиялары негізінде салынады. Құрылыс кезеңінде 4 мыңға дейін, ал нысан іске қосылғаннан кейін 400-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады. Жоба экологиялық талаптарға сай, заманауи газ тазалау және шығарындыларды азайту жүйелерімен жабдықталады.

Станция құрылысы бюджет қаражатын тартпай, электр энергиясы нарығының қолданыстағы тетіктері арқылы жүзеге асырылады.

Өзгелердің жаңалығы