Күніне 100 келі бөтелке жинаймын – алматылық экобелсенді

12 Сәуір 2024, 11:03
2562
Бөлісу:
Күніне 100 келі бөтелке жинаймын – алматылық экобелсенді
PHOTO
Фото: автордан

Алматыда экологияға пайдасын тигізіп жүрген жандар көп. Соның бірі - Елдана Ерденбеков. Ол аялдама мен алаңдарда шашылған пластикалық бөтелке мен қаңылтыр құтыларды жинап, қайта өңдеуге жібереді. Осы ретте, Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі экобелсендімен тілдескен еді.

Алматы аялдамаларының бірінде пластикалық бөтелкелерді жинап жүрген азаматты көзіміз шалды. Оның бұл жұмысты істеп жүргеніне 2 жылдан астам уақыт болыпты.

Менің пластикалық бөтелкелерді, қаңылтыр құты жыйнап жүргеніме 2 жылдан астам уақыт өтіпті. Бастапқыда қызық үшін бастаған едім, қазіргі уақытта күнделікті жұмысыма айналды. Жиналған бөтелкелерді қайта өңдейтін зауытқа апарамын. Сол жерге өткізіп, ақша аламыз. Жұмысым бір шетінен табиғатты қорғауға, екіншіден табыс табуға мүмкіндік береді. Байқағаным адамдардың көпшілігі сусын ішеді. Дегенмен сол бөткелкені әрі қарай пайдаға асыруға болатынын білмейді. Қоқыс жәшігіне тастауға ерініп, далаға лақтырып кететіндерді де көзіміз шалды. Сол себептен балаларға, іні-қарындастарыма тазалыққа ұқыпты болуды өтінемін,- дейді Елдана Ерденбеков.

Күніне 100 келі бөтелке жинаймын – алматылық экобелсенді

Оның айтуынша, бір күнде 100 келі бөтелке мен қаңылтыр құтыны жинауға болады. 

Күн жылынғанда пластикалық бөтелкер көбейеді. Сол себептен күніне 100 келіден астам бөтелке жинауға болады. Ал суық күндері қыс кезінде бұл жұмыс тоқырап қалады. Күніне 50 келіден асса қуанамыз,- дейді ол.

Күніне 100 келі бөтелке жинаймын – алматылық экобелсенді

Кейіпкер сөзінше, әр адам экологияға үлес қоса алады. Ол үшін үйден шығатын қоқысты сұрыптап, қайта өңдетін зауыттарға жинап апарауға болады.

Мен бөтелкені қоқыстардың арасынан жинап аламын. Бұл бір шетінен біртүрлі көрінеді. Адамдар кейде аяп қарайды. Дегенмен мен мән бермеймін. Керісінше, қала тұрғындарына қоқысты сұрыптауды үйренсе деймін. Себебі қоқысты қайта өңдеп, оны пайдаға жаратуға болады. Өздеріңіз білесіздер, қалдықтардың жерге сіңіп жоқ болып кетуі үшін ұзақ жылдар керек. Бұл заттар жатқан күйі шіріп кетсе, әрине, түк емес. Ең өкініштісі, тұрмыстық қалдықтардың қоршаған ортаға тигізетін теріс әсерінде болып тұр. Мәселен, қаңылтыр құты – 90 жылға дейін, пенопласт стақан – 50 жыл, пластик бөтелкелер – 100 жылдан астам уақыт шіриді екен. Сол себептен оларды қайта өңдеп, пайдаға жаратуды әдетке айналдырсақ,- дейді Елдана Ерденбеков.

Күніне 100 келі бөтелке жинаймын – алматылық экобелсенді
Өзгелердің жаңалығы