Жердегі магниттік дауыл күшейе түсті. Қолданбалы геофизика институтының мәліметінше, Күндегі Х санатындағы жарқылдан кейін ғарышқа тараған плазма бұлты Жерге жетіп, геомагниттік белсенділіктің артуына себеп болған.
Oxu.Az басылымының хабарлауынша, ғарыштық ауа райын бақылау деректері магнит өрісінің бұзылу деңгейі G2 көрсеткішіне жеткенін көрсетіп отыр.
Бұл бес деңгейден тұратын шкала бойынша «орташа» деңгей саналады. Аталған жүйеде G5 – ең жоғары, яғни «аса күшті», ал G1 – ең төменгі, «әлсіз» деңгей ретінде бағаланады.
Еске салсақ, 3 маусым күні Күн бетінде бірден үш қуатты жарқыл тіркелген болатын. Олар – М9,3, М7,7 және Х1,0 санатындағы жарқылдар. Мамандардың айтуынша, әрқайсысы Жер бағытына қарай плазма ағынының таралуымен қатар жүрген.