Күнде кофе ішсе не болады?

20 Мамыр 2021, 22:35
7116
Бөлісу:
Күнде кофе ішсе не болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жоғары қан қысымы бар адамдарға кофе ішуден бас тартудың қажеті жоқ.

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, кардиолог Заурбек Шугушев кофенің жүрек-қан тамырлары жүйесіне және қан қысымы жоғары адамдарға бұл сусынның қалай ісер ететінін айтты.

Кофенің гипертониямен ауыратын науқастарға теріс әсері әдетте қысқа мерзімді және шамалы ғана болады.

Кофе шынымен қысымның жоғарылауына әсер етеді, бірақ өте қысқа мерзімде, яғни максималды жарты сағатқа дейін. Әдетте қысым бірден көтеріліп кетпей, аздап көтеріледі.

Сонымен қатар кофе жүрек-қан тамырлары жүйесіне оң әсер етеді.

Кофе ішу жүрек-қан тамырлары асқынуының даму қаупін төмендететіні дәлелденген. Өйткені, адамдар қан қысымының жоғарылауынан емес, оның асқынуынан көз жұмады, - деп түсіндірді кардиолог.

Мұндай бақылаулар тек табиғи жаңа ұнтақталған кофеге қатысты. Сусын пайдалы болуы үшін оның құрамына назар аудару керек және мамандар ұсынған мөлшерден аспауы керек.

Кофенің барлық пайдалы әсерлері тез еритін кофеге емес, жаңа ұнтақталған кофеге қатысты.

Егер сіз 20 кесе кофе ішсеңіз, әрине мұның соңы жақсылыққа апармайтыны мәлім. Ғалымдар  күніне екі-үш кесе кофе ішуге кеңес береді. Бұл шамамен 400 миллиграмм.

Дәрігерлер адамның салмағына байланысты 50-ден 180 миллиграмм кофе ішуді ұсынады.

65 жастан асқан адамдар остеопороздың дамуын болдырмас үшін сусынға сүт қосып ішуі керек.

65 жастан асқан адамдар кофені шамадан тыс ішсе, сүйектен кальцийдің шайылып шығуына  яғни остеопороздың дамуына әкелуі мүмкін.

 


Өзгелердің жаңалығы