Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өткен апта ішінде 0,1%-ға төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Назарларыңызға Ұлттық статистика бюросы келтірген мәліметті ұсынамыз.
Атап айтқанда, пияз 3,4%-ға, картоп 2,1%-ға, қырыққабат пен қарақұмық 0,5%-ға, күнбағыс майы мен қант 0,4%-ға, сәбіз 0,3%-ға арзандаған.
Ел бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы(2023 жылғы 19 қыркүйек):
Айран, 2,5% – 413 тг/л;
Қарақұмық – 326 тг/кг;
Сәбіз – 194 тг/кг;