Күн райының бұзылуына байланысты екі өңірде жол жабылды

Кеше, 22:15
214
Бөлісу:
Күн райының бұзылуына байланысты екі өңірде жол жабылды
Фото: BAQ.KZ - архив

Күн райының бұзылуына байланысты екі өңірде республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.

Сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі жолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген хабарламада.

Ақтөбе облысы:

  • "РФ шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы" автожолының 776-1240 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы- Қызылорда облысының шекарасы);
  • "Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы" автожолының 104-250 шақырым аралығы (Қандыағаш ауылы - Қараукелді ауылы).

Қызылорда облысы:

  • "РФ шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы" автожолының 1240-1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы - Арал қаласы).

Жол учаскелерін 26 ақпан сағат 06:00-де ашу жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы