Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Күн райына байланысты әуе рейстері кешігіп жатыр

Кеше, 13:05
261
Бөлісу:
 BAQ.KZ - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Алматыдан және Қазақстанның өзге қалаларынан ұшатын жолаушылар рейстердің кешігуі мүмкін екені жөнінде ескертілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Air Astana әуе компаниясына сілтеме жасап.

Air Astana-ның ресми Telegram-арнасында хабарланғандай, бүгін, 4 қаңтар күні Астанадағы қолайсыз ауа райына байланысты рейстердің кезекпен (ротациялық) кешігуі және ұшу кестесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Бұған дейін әуе компаниясы 3 қаңтардан 4 қаңтарға қараған түні Алматыдан орындалатын Airbus A320neo үлгісіндегі ұшақтар рейстерінің ауа райына байланысты ұшуға шектеулер салынуына орай кешіккенін мәлімдеген болатын. Атап айтқанда, аса салқын тұман мен көрінудің 150 метрден төмендеуі рейстердің уақытында орындалуына кедергі келтірген.

Әуе компаниясы ұшу кестесін қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр, соның ішінде FlyArystan әуе компаниясының қосалқы ұшағы да пайдаланылуда, - деп мәлімдеді Air Astana өкілдері.

Сондай-ақ жолаушылардан әуежайға аттанбас бұрын рейстің мәртебесін әуе компаниясының ресми сайтынан тексеру сұралды.

  • Байланыс нөмірлері: +7 727 244 4477, +7 7172 584477, +7 702 702 4477,
  • рейстер кешіккен жағдайда арналған жедел желі: +7 7272 44 44 78.
Өзгелердің жаңалығы