Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері қайтыс болды

6 Қыркүйек 2020, 16:40
4098
Бөлісу:

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нысана көздеуден 1996 жылғы Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері, елімізге еңбек сіңірген спорт шебері Сергей Беляев 60 жасқа қараған шағында көз жұмды. 

Сергей Николаевич Қазақстандағы ату спортының тарихында өшпес із қалдырып, нысана көздеу спортының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Көптеген чемпионды тәрбиеледі. Туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз, - делінген Қазақстан спорттық ату федерациясының хабарламасында.
Өзгелердің жаңалығы