Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев «Қазақстанның құқыққорғау және сот жүйесін жаңғыртудағы өзекті мәселелер» атты халықаралық жиын барысында айтты.
Оның айтуынша, Сот және құқыққорғау жүйесін реформалау жемқорлықтан азат әрі бюрократиядан таза инновациялық тиімді мемлекеттік басқаруды қамтамасыз етеді.
Қазір жемқорлыққа қарсы іс-әрекет өте өзекті. Онымен күрес жаһан бойынша іске асырылып жатыр. Соңғы кезде жасалып жатқан реформалар демократиялық және ашық қоғамға бастайды,-деді ол.
Сонымен қатар ол аталған екі салада жасалып жатқан реформа бойынша қандай шаралар қолға лаынғаны жөнінде атап өтті.
Сот жүйесі мен құқыққорғау жүйесін реформалаудың алғашқы пакетінде отставка институты енгізілді және қол астында жұмыс істейтіндердің жемқорлық ісі бойынша жауапқа тартылғаны үшін жоғарғы лауазым иелері жауап беретіні енгізілді. Реформаның екінші пакетінде жемқорлыққпен күрес бойынша жауапкершілікті күшейту мәселесі енгізілді, әсіресе квази мемлекеттік сала бойынша. Оған қоса Ұлттық компаниялардағы жемқорлыққа қарсы заңнамалар бекітілді. Бір ұйымда туыс адамдардың жұмыс істеуіне шектеу қойылды және сыйлық алуға шектеу қойылды,-дейді агенттік төрағасы.
Сонымен қатар ол қазір еліміздегі мемлекеттік қызмет көрсетудің 92 пайызы электронды жүйеге көшкенін, бұл жемқорлықты төмендетуге септігін тигізетінін айтты. Ал, БҰҰ-ның электронды үкімет рейтингінде Қазақстан 28 орында екен.