Кубада екі тәулік бойы Гаванадан 60 шақырымда орналасқан Матансас портының аумағындағы мұнай қоймасындағы өртті сөндіру жұмысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Reuters агенттігі таратқан мәліметке сүйенсек, ауқымды өрт 25 мыңнан астам кубметр мұнай болған сұйыққоймаға найзағай түскеннен кейін басталған. Салдарынан сегіз сұйыққойманың екеуі жарылған.
Кем дегенде 121 адам зардап шеккен. Олардың ішінде 36 адам ауруханаға жатқызылды, бесеуінің халі ауыр. Бір адам қайтыс болды, 17 өрт сөндіруші хабар-ошарсыз кеткендер қатарында. Аймақта мыңнан астам бейбіт тұрғын эвакуацияланды.
Мемлекет әлем елдерінен халықаралық көмек сұрап отыр.