Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Кубада АҚШ-тың Венесуэлаға жасаған әрекеттеріне қарсы жаппай наразылық өтті

5 Қаңтар 2026, 11:11
266
Бөлісу:
 Anadolu Agency
Фото: Anadolu Agency

АҚШ-тың Венесуэлада жасаған шабуылынан және ел президенті Николас Мадуроның ұсталуынан кейін Кубаның астанасы Гаванада жаппай наразылық акциясы өтті. Шеру жұмысына он мыңдаған адам қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

NBC News мәліметіне сәйкес, Гаванадағы АҚШ елшілігінің маңында өткен демонстрацияға Куба президенті Мигель Диас-Канель де қатысқан.

Мадуроның ұсталуын және АҚШ-тың Венесуэлаға жасаған шабуылдарын айыптау мақсатында ұйымдастырылған акцияға шамамен 30 мың адам жиналды.

Митинг барысында сөз сөйлеген Куба президенті Диас-Канель АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің әскери операциясын «халықаралық құқыққа жол берілмейтін қол сұғу» деп атады.

Ал Куба Сыртқы істер министрлігінің жазбаша мәлімдемесінде АҚШ-ты Николас Мадуроны және оның жұбайы Силия Флоресті дереу босатуға шақырған үндеу жарияланды.

Мәлімдемеде бұл шабуылдың "империалистік әрі фашистік сипатта" екені атап өтілді.

Ведомствоның айтуынша, оның мақсаты – Венесуэланың және бүкіл өңірдің табиғи ресурстарына шектеусіз бақылау орнату, сондай-ақ Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінің үкіметтерін қорқыту».

Куба СІМ өкілдері Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекетке жасалған шабуыл жазасыз қалмауы тиіс екенін мәлімдеді.

Венесуэла халқы үшін, Куба үшін қалай қажет болса, дәл солай, керек болса өз қанымызды төгуге дайынбыз, – деп мәлімдеді ведомство.

Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Венесуэлада өткен операциядан кейінгі баспасөз мәслихатында Кубаны "біліксіз әрі жасы келген басшылар басқарып отыр" деп мәлімдеген. 

Егер мен Гаванада өмір сүріп, үкімет құрамында болсам, ең кемі алаңдаушылық сезінер едім,  деп қосты ол.

Өзгелердің жаңалығы