Кубада 5,3 балдық жер сілкінісі тіркелді

Жер сілкінісінің ошағы шамамен 10 шақырым тереңдікте орналасқан.

 istockphoto.com Бүгiн 2026, 01:29
Бүгiн 2026, 01:29
125
Фото: istockphoto.com

Кубаның батысындағы Пинар-дель-Рио провинциясында магнитудасы 5,3 балл болатын жер сілкінісі болды. Бұл туралы Кариб теңізінің Ұлттық сейсмологиялық зерттеу орталығы (CENAIS) хабарлады.

Мамандардың мәліметінше, жер асты дүмпулері Мантуа елді мекені маңында жергілікті уақыт бойынша сағат 13:37-де тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы шамамен 10 шақырым тереңдікте орналасқан.

Айта кетейік, дәл осы өңірде 8 маусым күні магнитудасы 6,2 балл болатын күшті жер сілкінісі болған еді. Сол кездегі дүмпулер Куба астанасы Гаванада да сезілген.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай сейсмикалық белсенділік Кубаның батыс бөлігі үшін сирек құбылыс саналады. Әдетте жер сілкіністері аралдың шығыс аймақтарында жиірек тіркеледі.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Наверх