Куәліксіз көлік жүргізген жасөспірім жаяу жүргіншіні қағып кетті

19 Маусым 2022, 05:48
1344
Бөлісу:
Куәліксіз көлік жүргізген жасөспірім жаяу жүргіншіні қағып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жасөспірім медициналық тексеруден өтті.  Полиция «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бабы бойынша тергеу амалдарын қолға алды, деп хабарлайды «Мой город».

Мұхамеджанов пен Алтын Адам көшелерінің қиылысында жол апаты орын алды. Жүргізуші куәлігінсіз Toyota Camry көлігін тізгіндеген 16 жастағы жасөспірім жаяу жүргіншіні қағып кетті, – деп хабарлайды «Мой город».

Зардап шегуші Ақтөбе жедел медициналық жәрдем ауруханасына жатқызылды.

Полицияның мәліметінше, жасөспірім сау болған. Аталған фактіге сәйкес, «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

Өзгелердің жаңалығы