Ксения Собчак фейк жаңалықтармен қалай күресу керегін айтты

16 Қыркүйек 2021, 15:56
1905
Бөлісу:
Ксения Собчак фейк жаңалықтармен қалай күресу керегін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. XVII Еуразиялық медиа форумның медиа тақырыбынба өткен пленарлы сессиясында фейк ақпараттармен күресудің жолы айтылды.

Фейк жаңалықтар қазіргі біздің өмір сүретін жаңа ортамыз деп айтуға болады. Мұның қорқынышы неде? Бірнеше күннен кейін жаңалық фейк деп танылса да оның әсері қала бермек. Мұндай жаңалық міндетті түрде беделге әсер етеді. Яғни бұл жаңалықтың фейк екені айтылса да, адам үшін ол жаңалық шындық сияқты қалыптасып қалады және адам оған байланысты өзінің пікірін де түйіп қояды. Демек жаңалық өтірік болса да, қалыптасқан пікірге сен ештеңе істей де, өзгерте де алмайсың, - деп түсіндірді ресейлік журналист.
Собчак осы ретте фейк жаңалықпен күресудің жолын айтты.
Әр журналист өзінің жауапкершілігіне сәйкес және өзі жариялап отырған ақпараттардың стандарттарға сәйкес болуын қамтамасыз етуге тырысуына байланысты қазіргі кезде көп дүние қарапайым болып кетті. Мысалы Youtube-тағы контенттің жасалуы телеарнада жасалатын контентке мүлде ұқсамайды. Бұл жерде адам саны аз болады. Яғни кадрға оператордың аяқ киімі түсіп қалса, ол да ештеңе етпейді, - дейді ол.
Журналист не себепті фейк жаңалықтарға оптимистік көзқараста екенін түсіндірді.
Алғаш рет автокөліктер пайда бола бастағанда адамдар атпен жүретін. Бір жерде адамдар көлікпен жүрсе, бір жерде ат арбамен жүрді. Оны сол кезде реттеу қиын болды. Бірақ автокөліктер саны көбейген сайын жол ережелері пайда болып, ат арбалар жойыла бастады. Менің ойымша, фейк жаңалықтармен де дәл осылай болады. Қазіргі кезде интернет бізге айтарлық ауқымды көлемде ақпарат беріп келеді. Дегенмен адамдар ол ақпаратты тексеруді білмейді. Мысалы бір күлкілі сурет көрсе, соны адамдар бір-біріне тарата бастайды. Енді осы фейк жаңалықтарды адамдарды қалай басқаруды білетін кәсіпқой мамандар жасайды. Мұндай жаңалықтар өте жылдам таралады. Интернет басылымдар сапалы және сапасыз деп жіктеледі деп ойлаймын. Фейк жаңалықтар жиі танылып, мойындала басталғанда сапалы жаңалықтар нарығы қалыптасады. Бұл ретте адамдар порталға сеніп, ақпараттары тексерілгеніне сене бастайды, - деп айтты Ксения Собчак.
Еске сала кетейік, биыл алғаш рет онлайн форматта XVII Еуразиялық медиа форум өтіп жатыр.
Өзгелердің жаңалығы