Криштиану Роналду әлемдегі ең қымбат спортшы атанды

17 Мамыр 2024, 03:22
476
Бөлісу:
Криштиану Роналду әлемдегі ең қымбат спортшы атанды
Фото: Instagram/alnassr

Қатардың "Ал-Наср" клубының шабуылшысы 39 жастағы Криштиану Роналду биыл Forbes журналының нұсқасы бойынша ең жоғары ақы төленетін спортшылардың көшін бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Forbes-тің мәліметінше, Қатарда бір маусым ішінде португиялық спортшы 200 млн доллар шамасында табыс тапқан. Қалған 60 млн долларды Роналду Binance, Nike және Herbalife компанияларымен серіктестігі үшін алған.

Ауқатты спортшылардың қатарында екінші орында испаниялық гольфшы Джон Рам бар. Оның жылдық жалақысы 218 млн долларға тең.

Үшінші орынға 2023 жылы 135 млн доллар табыс тапқан аргентиналық футболшы Лионель Месси жайғасты.

Алғашқы ондықта Леброн Джеймс ($128,2 млн), баскетболшы Яннис Адетокунбо ($111 млн), футболшы Килиан Мбаппе ($110 млн), футболшы Неймар ($108 млн), футболшы Карим Бензема ($106 млн) бар.

Өзгелердің жаңалығы