Криптовалюта. Қостанайда Ресей азаматы 180 млн теңгенің заңсыз айналымын жасаған

15 Ақпан 2023, 10:19
1122
Бөлісу:
Криптовалюта. Қостанайда Ресей азаматы 180 млн теңгенің заңсыз айналымын жасаған
PHOTO
Фото: ҚМА видеодан скрин

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаментімен «KZobmen.com», «KZobmen Ltd» крипто айырбастау пункттері арқылы цифрлық активтермен тыйым салынған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың тағы бір фактісінің жолы кесілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ресей Федерациясының азаматы 2020 жылдың шілдесі мен 2023 жылдың қаңтары аралығында заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде аса ірі көлемде 180 миллион теңгеден астам сомаға табыс алғаны анықталды.

Сот үкімдері бойынша күдіктінің 85 миллион теңге көлеміндегі жылжымайтын мүлкі, оның ішінде «Binance» крипто биржасының платформасында орналастырылған 2 420 АҚШ доллары көлемінде цифрлық активтері (криптовалюта) тәркіленді.

Криптовалюта. Қостанайда Ресей азаматы 180 млн теңгенің заңсыз айналымын жасаған

Құқық бұзушы бес заңсыз криптовалюта айырбастау пунктіне қатысты қылмыстық істі тергеу барысында анықталды.

Құқық бұзушы бес заңсыз криптовалюта айырбастау пунктіне қатысты қылмыстық істі тергеу барысында анықталды, іс аясында криптовалюта айырбастау пункттері арқылы цифрлық активтермен тыйым салынған кәсіпкерлік қызметпен айналысқан бір топ тұлғалардың қылмыстық әрекеттерінің жолы кесілді. 

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, басқа да мәліметтер ашып көрсетуге жатпайды.

ҚМА көлеңкелі экономикамен күрес жұмысын жалғастыратын болады. Өткен жылдың өзінде ғана Агенттік қабылдаған шаралар кешені көлеңкелі экономика деңгейін 19,7%-ға дейін төмендетуге оң әсер етті, бұл ретте болжамдық мән 21,5%-ды құрады.

Өзгелердің жаңалығы