Эр-Риядтағы Ресей мен АҚШ өкілдерінің кездесуінің нәтижесі көпшілікке жария етілмейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТАСС деректері бойынша, кездесудің нәтижесі туралы Мәскеу мен Вашингтонға хабарланған. Енді Кремль мен Ақ үй анализ жүргізеді. Бұл туралы Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.
Менен Эр-Риядтағы кездесудің нәтижесі туралы сұрайтын шығарсыздар. Ресей-америка келіссөзінің нәтижесі басшыларға жеткізілді, - дейді Песков.
Сонымен қатар, Песков қазіргі уақытта келіссөздердің нәтижелері талданып жатқанын және олардың мазмұны жария етілмейтінін айтты, себебі кездесу «техникалық сипатта» өткен.