Кредит төлеуді кешіктірген жағдайда не істеу керек?

Бүгiн, 13:31
283
Бөлісу:
Кредит төлеуді кешіктірген жағдайда не істеу керек?
Фото: Freepik

Қарызды уақытында өтей алмасаңыз, бұл несие тарихына кері әсерін тигізіп, сотқа дейінгі шараларға немесе коллекторларға берілуіне әкелуі мүмкін. Алайда Қазақстан заңнамасы бойынша борышкерлерге қарызды реттеу үшін бірнеше мүмкіндік қарастырылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ең бірінші банкпен келісімге келген дұрыс. Егер несие төлемін уақытында төлей алмасаңыз, банк немесе микрокредиттік ұйым сізге қарыз туралы хабарлама жібереді. Осыдан кейін:

Сізде 30 күн бар, осы мерзім ішінде несие берушіге өтініш жазып, несие шарттарын қайта қарауды сұрауға болады.

Қарызды кешіктіру себебін (жұмыссыз қалу, кірістің төмендеуі немесе денсаулық жағдайы) түсіндіру маңызды.

Ұсынылатын нұсқалар: Төлемді кейінге шегеру, пайыздық мөлшерлемені төмендету, несие мерзімін ұзарту.

Тағы бір маңызды дүние, банк сіздің өтінішіңізді 15 жұмыс күні ішінде қарауға міндетті. Егер банк сіздің өтінішіңізді қабылдамаса, шешімге қарсылық білдіру үшін, банктің омбудсменіне немесе қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағымдануға болады.

Қарыз сотқа берілсе не болады?

Егер мәселе ұзақ уақыт бойы шешілмесе, банк қарызды коллекторлық агенттікке тапсыруы мүмкін немесе тікелей сотқа жүгінеді. Мұндай жағдайда сот шешімі бойынша банк сіздің шоттарыңызға тыйым салынуы мүмкін. Сондай-ақ жалақыңыздың бір бөлігі ұсталады, Қазақстаннан шығуыңыз шектеледі.

Егер кешіктірілген қарызыңыз 90 күннен асса, сізге жаңа несие берілмейді

Онлайн несие алғанда биометриялық сәйкестендіру енгізілді

Жеке тұлғалардың банкроттығы процедурасы жеңілдетілді

Сондыөтан банк алдында қарызыңыз болса мәселені шешуді кешіктірмеңіз. Қаржылық қиындықтар туындаса, банкпен диалог жүргізіңіз. Ертерек жасалған келіссөздер сізді айыппұлдардан, сот процесінен және несие тарихының бұзылуынан сақтайды.

Егер банкпен байланыс орнату қиын болса, сіз Агенттікке немесе қаржылық омбудсменге шағым түсіре аласыз.

Өзгелердің жаңалығы