Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Жастар және инновация» форумы аясында Bolashaq Friday Talks жобасының «Креативті индустриялар экономикалық дамудың жаңа драйвері ретінде» атты төртінші шығарылымы өтті.
Креативті экономика бүгінде елдердің ЖІӨ-сін қалыптастыруда маңызды рөл ойнайды. Қазақстанда да бұл қызықты салаға қызығушылық артып отыр. Ол тек коммерциялық сала ғана емес. Креативті индустрияны дамыту басқа да салалардың дамуына үлес қосатын еді. Стратегияны тиімді ұйымдастырып, мемлекеттің әдісі оң болса, саланы жақсы дамытуға болады, - деді ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.
Министр атағандай, креативті индустрияның әлеуеті жоғары.
Бізде оны дамыту үшін барлық алғышарт бар. Өте қызықты өнер туындылары бар. Дамыту процесін қалай дұрыс бастау керегін түсіну керек, - деді ол.
Өз кезегінде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы төрағасының бірінші орынбасары Ернар Құрмашев кретивті экономика қызықты әрі әлеуетті саланың бірі екенін айтты.
Бұл әлем бойынша жылдам дамып жатқан экономиканың түрі. Ол экономиканың барлық саласына аса үлкен үлес қоса алады. Әсіресе, қазір ел үшін күрделі кезеңде бұл өте маңызды. Экономиканыі дәстүрлі түрлері құлдырау көрсеткенде жаңа түрлерді дамыту керек, - деді ол.
Айта кетейік, Bolashaq Friday Talks жобасының мақсаты – сарапшылардың қатысуымен интерактивті, ашық, қоғамдық пікірталас алаңын жасау. Жобаға қатысушылар қазақстандықтардың өмірінің негізгі салаларының одан әрі дамуын көздейді.