Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскелең ұрпаққа төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын үйрету мақсатында ҚР ТЖ министрлігі «SOS Астана балалар ауылы» жеке білім беру мекемесінің тәрбиеленушілеріне жан-жақты қолдау көрсетеді.
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен елордалық ТЖД бастығы Қуаныш Базарбаевтың қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласының №№5 және 6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінде «SOS Астана балалар ауылының» балалары мен тәрбиеші-оқытушылар құрамы үшін экскурсия өтті.
Экскурсия барысында балалар мен оқытушылар өрт сөндіру, авариялық-құтқару техникасымен және жабдықтарымен танысты, өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер, әйелдер, жасөспірімдер және жасөспірімдер құрама командаларының көрсетілімдерін көрді, бұл оқу мұнарасының 4-қабаты терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу, кедергілері бар 100 метрлік жолақпен жүгіру. Құтқарушылардан алынған экскурсия мен мастер-класс балалар үшін өте танымды және қызықты болды, - деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Алдағы уақытта балалар үйінің тәрбиеленушілері №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің «Құтқарушы» спорт кешеніндегі бассейнге үнемі барып, құтқарушылардан жүзуді үйренетін болады. Сонымен қатар олар үшін экскурсиялар, ашық есік күндері, спорттық іс-шаралар, жас құтқарушылардың үйірмелері, түрлі төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері мен дағдыларына үйрету ұйымдастырылады. Болашақта тілек білдірген және құтқарушы мамандығын таңдаған кезде балаларға азаматтық қорғау органдарының оқу орнына түсу ұсынылады.