Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы Қанат Қожахметов «Antikorlive» жобасында айтты.
Оның айтуынша, жұмысқа тіркеліп, шын мәнінде, жұмыс істемейтіндер де оған әсер ететінін айтты.Жұмысқа тұру мәселесі бойынша проблема бар. Аудандық деңгейде де ЖОО білімі бар адамдар жұмысқа мұғалім болып тұра алмай жатады. Бұл мәселені облыс әкіміне де айттық. Себебі жұмыссыздық тұрмыстық жемқорлықты тудыруы мүмкін. Техникалық тұрғыда да, мұғалімдікке тұруға ақша беруі керек жағдайлар кездесіп жатады, - деді Қожахметов.
Білім беру саласы мен денсаулық саласында да осындай жағдайлар кездеседі. Жұмыс орындары сатылады. Біз осының барлығын ретке келтіру бойынша жұмыс істеп жатырмыз, - деді ол.
Қожахметов осындай деректерді Агенттікке жеткізетін тұрғындар қалыптасып келе жатқанын айтты.
Қазір Агенттікке деген сенім артты. Осындай деректердің болғанын бізге тұрғындардың өздері де жеткізіп отырады, - деді Қожахметов.